Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұнай экспортының квотасын арттыруды ұсынды

Мұнай экспортының квотасын арттыруды ұсынды

Сенатор Руслан Рүстемов өзінің депутаттық сауалында Қызылорда облысының мұнайшыла­рына шетелге көбірек мұнай сатуға рұқсат беруді ұсынды. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының ресми парақшасында хабарланды.

Депутаттық ұсыныстан кейін сенатормен хабарласып, толығырақ ақпа­раттармен таныстық.

– Сенаттың пленарлық отырысында Қызылорда облысына бө­лінген мұнай экспорты квотасын 50%-ке ұлғайту мүмкіндігін қарау жөнінде Премьер-Министрдің атына депутаттық сауалымды жолдадым. Қазіргі уақытта Қызылорда об­лысында мұнай өндіру көлемінің төмендеу үрдісі байқалуда. Соңғы 8 жылда мұнай өндіру 60%-ке қыс­қарды. Облыста 2013 жылы 10,5 млн тонна мұнай өндірілсе, 2023 жы­лы болжамды деректер бо­йынша 3,5 млн тоннаны құрайды. Қызыл­орда облысындағы мұнай өндіруші компаниялар мұнай өнімдерінің 80% ішкі нарыққа, қалған 20% экспорт­қа өткізуде. Мұнайдың ішкі на­­рықтағы құны 2 есе төмен екені белгілі, – дейді сенатор.

Руслан Рүстемовтің айтуынша,­ 2017 жылдан бері Энергетика ми­нистрлігі Қызылорда облысына мұ­най экспорты квотасын ұлғайту мәселесі «Кеңкияқ-Атырау» реверсі жобасы іске қосылғаннан кейін ға­на техникалық мүмкін болады деген ұстанымда болып келген. Бұл жоба Қызылорда облысының жер қойнауын пайдаланушыларының іш­­кі нарыққа мұнай жеткізу жүкте­месін 80%-тен 50%-ке дейін төмен­детуге мүмкіндік беруі тиіс еді. Алайда, 2021 жылы аталған реверс қолданысқа берілгенімен Энергетика министрлігі Қызылорда облысында мұнай көлемінің сарқылуына бай­ланысты квотаны ұлғайтудың мүм­кіндігі жоқ екендігін білдіріп отыр.

– Демек, Энергетика министрлігі Қызылорда облысындағы мұнай қо­ры бойынша болжамды есебін неге дұрыс жоспарламаған деген сұрақ туындайды. Осы ұстанымның салдарынан өңірдегі мұнай өндіруші компаниялар және олардағы сервистік мекемелер қиын жағдайда қалып отыр. Мұнай саласындағы сервистік мекемелердің тарифі соңғы 10 жыл­да индекстелмеген. Аталған түйт­­кілді мәселе Үкімет тарапынан ег­­жей-тегжейлі қаралып, қолдау тап­қан жағдайда Қызылорда об­лы­сындағы бірқатар өзекті әлеу­меттік проблемалардың шешімі табылатыны анық, – дейді ол.

Иә, бұл мәселе – Сыр өңірі үшін өте өзекті мәселе. Сенатор сауалына арқау болған мәселе бойынша Үкімет тарапынан зерттеліп, зер­деленіп, тиісті шешімдер қабылда­натын болады.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ

Фото:ашық дереккөзден
03 мамыр 2023 ж. 207 0