Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастарға жеңілдіктер жетерлік

Жастарға жеңілдіктер жетерлік

Жастарға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бекітілген ережеге сәйкес, бағдарламаға 21-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Жастардың кәсіп бастауына көмек беру және ауыл шаруашылығы саласына еңбек етуге жағдай жасау үшін жастарға арналған жеңілдетілген несие берілмекші.

Микрокредит мерзімі 5 жылға дейін болса, ал мал шаруашылығы саласы бойынша 7 жылға дейін беріледі. Несиенің ең жоғарғы сомасы 5 млн. теңге болып белгіленіп отыр. Жылдық өсім 2.5 пайызды құрайды. Ескере кететін жайт, борышкердің кепілмен қамтамасыз етуі міндетті.

Несиені иеленген кейін 18 ай аралық демалыс беріледі.

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы

Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі

Толық ақпарат: 8 724 (36) 21-9-56
11 наурыз 2023 ж. 373 0