Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№35 газет

13 мамыр 2026 ж.

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Үкімет Қазақстаннан рубльді әкету туралы қаулы жобасын әзірледі

Үкімет Қазақстаннан рубльді әкету туралы қаулы жобасын әзірледі

Қазақстан Ұлттық банкі «ҚР қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі кейбір мәселелер туралы» Үкімет қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ашық талқыға шығарылған құжатқа сәйкес, екінші деңгейлі банктерге қолма-қол Ресей рублін бір реттік тәртіппен Қазақстан аумағынан әкетуіне рұқсат етіледі.

«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне Қазақстан Республикасынан қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат етілсін», - делінген қаулы жобасында.

Ұлттық банк дерегінше, мұндай бастама рубльді қолма-қол ақшасыз формаға конвертациялау және банктердің корреспонденттік шоттарын толтыру мақсатында ұсынылып отыр. Қаулы күшіне енсе, онда екінші деңгейлі банктерге аталған валютаны ел аумағынан алпыс күн ішінде әкетуіне рұқсат етілмек.
Құжатты ашық талқылау 25 қарашаға дейін жалғасады.
12 қараша 2022 ж. 296 0