Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің тауар айналымын 15 млрд долларға жеткізу қажет - Тоқаев

Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің тауар айналымын 15 млрд долларға жеткізу қажет - Тоқаев

Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің тауар айналымын 15 млрд долларға жеткізу қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көпжақты өзара іс-әрекеттің мығым экономикалық базасын қалыптастыру өзекті міндет болып қала береді. Соңғы жылдары бұл бағытта айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді. Соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанның Орталық Азиядағы өзге елдермен тауар айналымы 42 пайызға артып, 6,3 млрд долларға жетті. Өзара сауда-саттықты ұлғайта түсу үшін мол резервтің бар екенін ескере отырып, көз жетерлік келешекте бұл көрсеткішті мүмкіндігінше 15 млрд долларға дейін жеткізу қажет», - деді Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде.
21 шілде 2022 ж. 344 0