МӘСКЕУДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МИЛЛИОНЕРДІҢ 17 МЛН ТЕҢГЕ ТҰРАТЫН САҒАТЫ ҰРЛАНДЫ

Швейцарияның Breguet маркалы сағатының құны 17 млн теңге тұрады. Оқиға Мәскеу орталығындағы бес жұлдызды «Петр І» қонақүйінде болған. 16 сәуірде кәсіпкер «Украина» қонақүйіне іскерлік кездесуге барған. Жолда уақыт қарамақ болған ол сағатының жоқ екенін байқаған. Қазір құқық қорғаушылар қолды болған сағатты іздеп жатыр.
Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша Марат Абиев 2013 жылы елдегі ең жас миллионер болған. Оның байлығы 2014 жылы 18 млн долларға бағаланған.