Адамдар о дүниеге аттанар алдында не ойлайды?

Ғалымдардың сөзінше, адамдардың дені о дүниеге аттанар алдында өмірде аяқтай алмай кетіп бара жатқан істеріне өкінеді екен.
Олар сондай-ақ шешімді өздері емес, олар үшін өзгелер шешетініне қатты күйінетін көрінеді.
Зерттеушілер сонымен бірге адамдардың өмірден өтер алдында өмірде қызмет етіп кеткен жұмысына да қатты өкінетіндіктерін дәлелдеген.
Ал кейбіреулер тіпті өмірінің соңғы минуттарында өзінің "ғажайып" армандарын айтып кетеді екен.
Мысалы кейбір жандар өмірде саяхаттай алмадым деп өкінсе, енді бірі парашюттен секірмедім деп күйінеді екен.