“Әлемдегі ең сүйкімді ит” досын сағынып, құсадан қайтыс болды
“Әлемдегі ең сүйкімді иттің” өлгені жайлы оның иесі жазды. Facebook әлеуметтік желісіндегі иттің ресми парақшасында ол осы ақпаратпен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды
12 жастағы Бу есімді иттің Бадди деген ит досы мерт болғаннан кейін жүрегі ауыра бастаған.
“Бадди бізден кеткен кезде оның жүрегі жараланды деп ойлаймыз. Бір жылдан астам уақыт бойы шыдап жүрді, бізге де уақыт берді. Бірақ уақыты келген сияқты. Мен екеуі көкте бір-бірін көргенде ең қуанышты сәтті өткендеріне сенімдімін”, — деп жазды Бу мен Бадидің иесі.
Будың көптеген жанкүйерлері сүйікті жануарларынан айырылып қалған соң, қатты қайғырды. Иттің суреттері оларға өмір сүруге күш-қуат беріп, көңіл-күйлерін көтерген. Жанкүйерлердің көбісі жануарға осы үшін алғыс айтты.
“Будың өлгенін есту мен үшін ауырға соқты. Мен қатерлі ісікпен күрескенде, жеті жылдың көлемінде Бу назарымды аулады. Сол үшін алғыс айтамын”, — деп жазды Сара Груарин есімді жанкүйер.
“Бұл менің жүрегімді жаралады Мен ажырасқан соң, жұмсақ ойыншық Буды сатып алдым. Ол менің жанымда, қысқа бағанада “ұйықтады”. Маған Будың суреттерін қараған, оның қылықтары жайлы оқыған ұнайтын”, — деді Бернадин Лоуренс-Филип есімді тағы да бір жанкүйер