Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жер сілкінісінен қала 30 секундта жойылып кетті

Жер сілкінісінен қала 30 секундта жойылып кетті

Табиғи апат салдарынан 25 мың адам өліп, 140 мыңы мүгедек болып қалды. 

1988 жылы Арменияда он мыңдаған адамның өмірін қиған жойқын жер сілкінісі болды. Спитактағы үйінділерді қалай аршығаны туралы видeо пайда болды. 
 
Арменияның солтүстік-батысында 7 желтоқсан күні жойқын жер сілкінісі болды. Спитак қаласы 30 секунд ішінде түгел дерлік жойылды. Сондай-ақ, табиғи апат салдарынан 58 ауыл қирап, 21 қала мен 350 ауыл зардап шекті. 
 
Ресми деректер бойынша 25 мың адам өліп, 140 мыңы мүгедек болып қалды, 500 мың адам баспанасынан айырылды. Жер сілкінісінің зардаптарын жоюға бұрынғы КСРО-ның барлық республикасынан әскерилер, дәрігерлер мен құтқарушылар жұмылдырылды. 
kz.el24.kz

07 желтоқсан 2018 ж. 1 076 0