Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Әлем аруы – 2026" байқауының жеңімпазы анықталды

"Әлем аруы – 2026" байқауының жеңімпазы анықталды

Доминикан Республикасының өкілі Джохерри Мола 2026 жылғы беделді халықаралық "Әлем аруы" байқауында жеңімпаз атанды. Байқаудың финалы Вьетнамның Нячанг курорттық қаласында өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жаңа жеңімпазға тәжді өткен жылғы "Әлем аруы", Таиланд өкілі Опал Сучата Чуангсри табыстады.

Екінші орынды Испания өкілі Элизабет Рейнес, үшінші орынды Малайзия өкілі Таанусия Четти иеленді.

73-ші рет ұйымдастырылған "Әлем аруы" байқауының финалы алдындағы арнайы іс-шаралар 29 тамызда басталған. Оларға қатысу үшін Вьетнамның туристік астанасына ұлттық байқаулардың қорытындысы бойынша іріктелген 111 ару келген.

"Әлем аруы – 2026" байқауының финалдық шоуы Нячангтың орталық жағажайының маңында арнайы салынған, 20 мыңнан астам көрерменге арналған ашық алаңда өтті. Оның ұзындығы 110 метрден, ені шамамен 40 метрден асады. Алаң көп деңгейлі LED-экрандармен, заманауи жарық және дыбыс жүйелерімен жабдықталған.

Байқау жеңімпазы Джохерри Мола – әдебиет және қоғамтану пәндерінің мұғалімі, журналист, сондай-ақ Voices of Tomorrow & Model ұйымының негізін қалаушы әрі президенті.

Байқаудың ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Джохерри Мола – өз ісіне берілген ұстаз, қоғам белсендісі және коммуникация саласының маманы. Ол Ибероамерика университетінде бизнес менеджменті және әкімшілендіру мамандығы бойынша білім алған.

Бағым Балтабаева

Ал Қазақстан атынан әлемдік байқауға өскемендік Бағым Балтабаева қатысқан. Ол – "Қазақстан аруы – 2024" атағының иегері.

"Әлем аруы" байқауы алғаш рет 1951 жылы ұйымдастырылды. 2026 жылы байқау 73-ші рет өтті.

Фото: Stan.kz
06 қыркүйек 2026 ж. 40 0