Қытайда 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді
29 маусымға қараған түні Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Гаосянь ауданында магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.Жер сілкінісінің ошағы 6 шақырым тереңдікте орналасқан. Алдын ала мәлімет бойынша, табиғи апаттан қаза тапқандар жоқ. 13 адам жеңіл жарақат алып, 196 тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланып, уақытша орналастыру пункттеріне жеткізілген.
Оқиғаға байланысты Қытайдың сейсмологиялық басқармасы III деңгейлі төтенше жағдай енгізді. Елде төтенше жағдайларға ден қоюдың төрт деңгейлі жүйесі қолданылады. Оның ішінде I деңгей – ең жоғары қауіп деңгейі саналады.
Еске салайық, 27 маусым күні Түркістан және Жамбыл облыстарында да жер сілкінісі сезілген болатын. Мамандар жер асты дүмпуінің қарқындылығын 2 балл деп бағалаған.
Фото: Istockphoto.com










