Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Ивате префектурасындағы Кудзи портында 80 сантиметрлік цунами толқыны тіркелген.
Қауіптің артуына байланысты билік Хоккайдодан бастап Тибаға дейінгі жеті префектурадағы 182 елді мекенге бір апталық арнайы ескерту енгізді. Бұл жүйе 2022 жылдың желтоқсанында іске қосылғалы бері екінші рет қолданылып отыр.
Жер сілкінісі дүйсенбі күні сағат 16:52-де тіркелген. Оның ошағы 19 шақырым тереңдікте орналасқан. Дүмпу күші жапондық 7 балдық шкала бойынша «5+» деңгейіне жетіп, Токионың кейбір аудандарында да сезілген.
Бұл деңгейде адамдарға тірек ұстамай жүру қиынға соғады. Аомори префектурасында 60 жастағы ер адам баспалдақтан құлап, ауруханаға жеткізілген, қазіргі жағдайы тұрақты.
Атом электр станцияларында ақаулар тіркелмегені хабарланды. Атап айтқанда, Аомори, Мияги және Фукусима аймақтарындағы нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және биік жерлерге эвакуациялануға шақырды.
Соңғы мәліметтер бойынша, Хоккайдо, Аомори, Ивате, Мияги және Фукусима префектураларынан 156 мыңнан астам адам эвакуацияланған.
Сонымен қатар Токио мен Син-Аомори арасындағы «Тохоку синкансен» жүрдек пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Айта кетейік, бастапқыда жер сілкінісінің магнитудасы 7,4 деп бағаланғанымен, кейін ол 7,7-ге дейін нақтыланды.
Фото: aa.com.tr









