Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қытай көмірден пластмасса өндіру бойынша он шақты жобаны мақұлдады

Қытай көмірден пластмасса өндіру бойынша он шақты жобаны мақұлдады

Қытай энергетикалық импортқа тәуелділігін азайту мақсатында мұнай орнына көмір пайдаланып, пластмасса мен синтетикалық каучук өндіретін 30-дан астам жобаны мақұлдады, деп хабарлайды South China Morning Post басылымы.  KAZINFORM

Бейжің пластмасса, синтетикалық талшықтар және каучук өндірудің негізгі шикізаты саналатын олефин өндіру үшін өзінің бай көмір ресурсын пайдаланбақшы.

Олефиндер дәстүрлі түрде мұнайдан өндіріледі. Бірақ көмірді өңдеу өндіріс шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді және елдің отын импортына осалдығын азайтады.

Соңғы жылдары билік барлығы 36 осындай жобаны мақұлдады, оның 20-сы қазірдің өзінде іске қосылды. Олардың жалпы қуаты жылына 24 миллион тоннадан асады. China Science Daily басылымының мәліметі бойынша, негізгі нысандар көмірге бай аймақтарда, соның ішінде Шэньси провинциясында және Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында орналасқан.

PTGChemical салалық блогының есептеуіне сәйкес, технология мұнай бағасы барреліне 35 доллардан жоғары болған кезде де тиімді болып қала береді. Көмірден олефиндер өндіру құны тоннасына шамамен 6300 юань (шамамен 900 доллар) құрайды деп есептеледі. Бұл мұнай шикізатын пайдалануға қарағанда шамамен 1500 юаньға (шамамен 215 доллар) арзан.

Біз бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмірді тиімді пайдалануға шақырғанын хабарлаған едік.


14 қаңтар 2026 ж. 271 0