Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Еуропа: алғашқы суперкомпьютер

Еуропа: алғашқы суперкомпьютер

Германияның Юлих қаласында Еуропа­да­ғы тұңғыш суперкомпьютер – «Jupiter» ресми түрде жұмысын бастады, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Қуатты құрылғы бір секундта квинтиллион операция орындай алады. Бұл – бір мезетте 10 миллионнан астам ноутбуктің жұмыс істеуіне тең көрсеткіш. Суперкомпьютерді жасауға «Atos» пен «ParTec» компаниялары атсалысқан. Жоба «Nvidia» про­цес­сор­ларының н­е­гі­зінде құ­рас­тырылған.

Германия канц­лері Фридрих Мерц­тің айтуынша, бұл бастама Еуро­паның АҚШ пен Қы­тайды жасанды ин­теллект саласын­да қуып жетуге көмек­теседі. «Jupi­ter» тек ІТ саласында емес, био­технология, кли­мат­тық зерттеулер, бас­қа да стратегиялық маңызды ба­ғыт­тарда қолданылады.

Сарапшылардың пікірін­ше, мұндай қадам Еуропаның ше­телдік цифрлық қызметтерге тәуел­ділігін азайтып, өз ғылыми және техно­логи­ялық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Фото:  Egemen.kz
10 қыркүйек 2025 ж. 554 0