Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№35 газет

13 мамыр 2026 ж.

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Антарктидада ең ірі пингвиндер жойылып кетуі мүмкін

Антарктидада ең ірі пингвиндер жойылып кетуі мүмкін

Антарктидада император деп аталатын ең ірі пингвиндер жойылып кетуі мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.

Британдық ғалымдар осылай деп дабыл қағып жатыр. Бұған климаттың өзгеруі себеп дейді. Олар Халли шығанағындағы пингвиндерді, жер-серігі арқылы бақылаған. Әдетте минус 50 градус болатын Антарктидада былтыр сынап бағанасы минус 10 градусқа дейін төмендеп кеткен. Бұл пингвиндерге аса қауіпті. Өйткені олардың тіршілік етуі үшін қажетті мұз қатып үлгермейді. Жағдай осылай жалғаса берсе, бұл пингвиндердің 90 пайызы жер бетінен жойылып кетуі мүмкін дейді ғалымдар. Ал мұндай қауіптің алдын алу үшін атмосфераға бөлінетін зиянды газдардың мөлшерін азайту қажет екенін айтады.

Фото: 24.kz
25 қаңтар 2024 ж. 739 0