Ресейде қоқыс мұражайы ашылды
Ресейдің Калининград облысында қоқыс мұражайы ашылды, деп хабарлайды 24.kz.
Ондағы өнер туындылары қалдықтардан жасалған. Кейбірі ғимарат ішінде болса, енді бірі ашық аспан астында орналасқан.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндағы басты мақсат - қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыру.
Айта кеткен жөн, Ресейде қоқыстың тек 7 проценті ғана қайта өңделеді екен. Қалғаны полигондарда сақталады. «Гринпис» ұйымының мәліметінше, олардың көлемі Швейцария аумағына тең келеді.
Екатерина Кузнецова, мұражай келушісі:
- Калининград облысында осыған ұқсас басқа орталықтар жоқ. Мұндай мұражайлардың маңызы зор. Өйткені адамдар күн сайын қаншама затты қоқысқа тастайды. Оның көп бөлігі қайта өңделмейді.
Павел Веревка, мұражай қызметкері:
- Біреулердің экологияға қатысты өз көзқарасы болады. Сол үшін олар мұнда қалдықтарды әкеп тастайды. Енді біреулер үшін бұл мотивация. Әсіресе балалар үлкен ынтамен атсалысып жатыр. Бұл олар үшін ойын сияқты. Өйткені біз жинақтаушы сертификат береміз.