Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » АҚШ жаңа вакцинаны қолданысқа енгізді

АҚШ жаңа вакцинаны қолданысқа енгізді

Американың реттеуші органы Johnson & Johnson компаниясы өндірген коронавирусқа қарсы бір компонентті вакцинаны қолдануға рұқсат берді. Вакцинаның алғашқы партиясы 1 наурыз күні жеткізіледі деп күтілуде, – деп хабарлады Еgemen.kz

Johnson & Johnson препаратының тиімділігі сырқаттың халі ауыр болған жағдайда 85% көрсетіп отыр.

Осы аптада Азық-түлік және медициналық препараттардың сапасын санитарлық қадағалау басқармасының сарапшылары (FDA) аталмыш вакцинаның қауіпсіздігіне қатысты қорытындыны жариялаған болатын. Олардың бағалауынша, коронавирус жеңіл түрде өтіп жатқан науқастарда препараттың тиімділі – 66,1%, сырқаттың ауыр жағдайында 85% көрсеткен.

Осылайша, АҚШ-та коронавирусқа қарсы үшінші препараттың қолданысына рұқсат беріліп отыр - Pfizer/BioNTech, Moderna және Johnson & Johnson.

Бұған дейін Johnson & Johnson компаниясы Америка үкіметімен 100 млн доза вакцинаны жеткізу бойынша 1 млрд долларға келісім жасасқаны хабарланған еді.
28 ақпан 2021 ж. 640 0