Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Германия аспазшылары ұсынған "тәтті вакцина"

Германия аспазшылары ұсынған "тәтті вакцина"

Германияның Пассау қаласындағы аспаздар «тәтті вакциналар» жасай бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір мұнда дәмді екпенің 12 түрі бар. Анығында, ананас, ақ шоколад, жұмыртқа ликері, абрикос, қара өрік тосабы және итмұрын сусыны мен езбесі вакцина деп аталады. Ол вакцинаны жаңа піскен бәлішке егеді. 21 рет тапсырыс беріп, мөр қойдырған тұтынушы бір құты екпені тегін таңдай алады. Бұл да жұртты жаппай вакцинаға шақыру шығар. Қауіпсіз әрі қажеттілік дегенді меңзесе керек. Тұтынушыға ол да қызық көрінеді. «Вакцинаңыздан» көбірек қамтыңыз дейтін көрінеді.

Елке Ротт, тұтынушы:

– Вакцинаның түр-түрі бар. Маған қатты ұнайды. Бәлішке екпені тура дүкеннің өзінде немесе үйге әкеліп салуға болады. Неше вакцина алғаныңызды көрсететін куәлік те беріледі. Осылайша қанша бәліш жегеніңізді де біле аласыз.
10 ақпан 2021 ж. 796 0