Сырдариялықтар жеңіс тұғырында

Осы орайда, Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына және «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай қазақ мәдениеті мен әдебиетін, салт-санасы мен тарихын, рухани дүние танымын жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы – Қызылордам» атты аудан өнерпаздарының облыстық мәдениет және өнер байқауының қорытынды концерті өтті.
Аталған өнер байқауында Сырдариялық өнерпаздар облыс жұртшылығына өз өнерлерін көрсетіп, зор ықыласқа бөленген болатын. Қазылар алқасының шешімімен Сырдария ауданы жүлделі І орынды иеленді. Өнер байқауына өлшеусіз үлес қосқан барша Сырдариялық өнер ұжымдарына шығармашылық табыс тілейміз!