Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » » Қазақ өнерпазы халықаралық сыйлықтың иегері атанды

Қазақ өнерпазы халықаралық сыйлықтың иегері атанды

Азамат Жылтыркөзов халықаралық сыйлықтың иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі опера әншісі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық байқаулардың лауреаты, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Классикалық өнер» бөлімінің көркемдік жетекшісі, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солисі Азамат Жылтыркөзов классикалық өнер саласындағы «BraVo» халықаралық сыйлықтың иегері атанды.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі әлемге танымал және алдыңғы қатарлы музыкалы мәдениеттің ең ірі ошағы Ресейдің Үлкен театры сахнасында өтті.

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Азамат Қайратұлы Мәскеу қаласында өткен халықаралық байқауда классикалық өнер жанры номинациясы бойынша үздіктер қатарына қосылды. Қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған өнер иесі бұған дейін де бірнеше рет республикалық және халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ие болып келеді.

«Bravo» халықаралық кәсіби музыкалық сыйлығы Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігінің ақпараттық қолдауымен жыл сайын өтеді. 
26 сәуір 2023 ж. 399 0