Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Наурыз мерекесінде қазақстандықтар бес күн демалады

Наурыз мерекесінде қазақстандықтар бес күн демалады

Биыл мерекелік демалыс күндері 21-25 наурыз аралығына белгіленген.

Дәстүрлі түрде Наурыз республика бойынша 21-23 наурыз аралығында үш күн тойланады. Биыл мереке сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері өтеді. Содан кейін сенбі және жексенбі. Сондықтан қазақстандықтар бес күн қатарынан - 21, 22, 23, 24 және 25 наурызда демалады.
Демалыс күндері еліміздің барлық өңірінде түрлі мәдени шаралар өтеді. 
Мысалы, Наурыз мейрамы қарсаңында астаналықтар және қала қонақтары Ұлттық музейге тегін кіре алады. Ол үшін қазақтың ұлттық киімінің немесе әшекейінің элементтері болуы шарт. 
«Елорда тұрғындары мен қонақтарына сыйлық жасауды ұйғардық. Қазақтың ұлттық атрибуттары бар киім, әшекей, ою-өрнегі бар образдағы келушілерге кіру тегін», – делінген Қазақстанның Ұлттық музейінің хабарламасында. 
Сонымен қатар, музей экспозицияларын тегін тамашалауды қалайтын адамдар әлеуметтік желідегі Ұлттық музейдің парақшасына тіркеліп, #Ұлттықмузей хештегін белгілеуі керек.

https://baq.kz/news/othernews/nauryz-merekesinde-aza-standy-tar-bes-k-n-demalady/
20 наурыз 2019 ж. 705 0