Еліміздің шығыс аймағына қалың қар жауды
Биыл Шығыс Қазақстан облысына қыс ерте келді. Кеше түнде Семей қаласынан 300 шақырымда жатқан Қайнар ауылында қар жауып, жер ақкөрпе жамылған.Әлеуметтік желіге тұрғындар бейне салып, хабар таратуда. Біздің осы облыстағы тілшіміз Болат Көкенайұлы Қайнар ауылының әкімі Сағын Қапақовтан жағдайды анықтап білді.
«Қар жауғаны рас, түнімен қапалақтады. Таңертең 30-40 сантиметрге жетті. Ауа температурасы 3-4 градус. Әлеуметтік нысандар мен тұрғындарға қауіп жоқ. Жолдар ашық, бәрі бақылауда», -деді ауыл әкімі.
Күн райын болжаушылар Шығыста 3-4 қыркүйекте қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін екенін хабарлаған.
24.kz