Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

№64 газет

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Халықаралық айтыста топ жарды

Халықаралық айтыста топ жарды

Бауырлас Қырғыз елінде өтіп жатқан Көшпенділер ойыны аясында қазақ-қырғыз ақындарының VI халықаралық айтысы ұйымдастырылды. Оған екі елден 16 ақын қатысып, үш күн бойы сөз сайысының көрігін қыздырды.

Қазақ-қырғыз айтысының тамыры тым тереңде жатыр. Көршілес екі елдің ынтымағы мен татулығын, бірлік-берекесін жырлаған Сүйінбай мен Қатаған, Жамбыл мен Тоқтағұл ақындардың дәстүрі бүгінге дейін жалғасып келеді.

Қырчын жайлауындағы аламанда Сыр елінің қос ақыны Мейірбек Сұлтанхан мен Мұхтар Ниязов бас жүлде мен І орынды қанжығаға байлады!

Ұстаз бен шәкірт дәстүр сабақтастығын жалғап, алыптардың айнымас достығын, татулығын, сыйластығын жырлады.

Орамды ой, айшықты тіркес, мың құбылған мақамымен көрермен көңілін серпілткен қазақ айтысының жүйріктерін, Сыр саңлақтарын құттықтаймыз!

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

04 қыркүйек 2026 ж. 97 0