Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

№64 газет

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау және жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу профилактикалық кездесу өтті

«Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау және жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу профилактикалық кездесу өтті

Қызылорда облысының Полиция департаментінің қызметкерлерімен «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау және жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу өткізілді.

Іс-шараға Қызылорда облысы Полиция департаментінің Киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция подполковнигі Ермаханов Нұртілек Тұрмаханұлы және Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция капитаны Ахмет Темірхан Асқатұлы қатысты.

Кездезу Жамбыл атындағы атындағы №120 орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, есірткі қылмыстарының және интернет алаяқтықтың алдын алу мәселелеріне арналды.

Полиция қызметкерлері оқушыларға «Заң мен тәртіп» қағидаты ең алдымен әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын атап өтті. Заң талаптарын сақтау, өзгенің құқықтарын құрметтеу және әрбір әрекеттің салдарын алдын ала бағалай білу – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі екені түсіндірілді.

Әсіресе, жасөспірімдерге интернет кеңістігіндегі қауіптер туралы кеңінен ақпарат берілді. Қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер қарым-қатынас пен білім алудың тиімді құралы болғанымен, олардың ішінде интернет алаяқтық, жалған аккаунттар, күмәнді сілтемелер, қаржылық схемалар және заңсыз ұсыныстар сияқты қауіптердің бар екені ескертілді.

Оқушыларға бейтаныс адамдардың қоңырауларына немесе хабарламаларына сенбеу, банк картасының деректерін, SMS-кодтарды, құпиясөздерді және өзге де жеке ақпараттарды бөгде адамдарға бермеу қажеттігі түсіндірілді. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде күмәнді сілтемелерге өтпеу және «оңай ақша табу» туралы ұсыныстарға сақтықпен қарау керектігі айтылды.

Кездесу барысында есірткі қылмыстарына тарту тәсілдеріне де ерекше назар аударылды. Жасөспірімдерге «курьер болып жұмыс істе», «бір затты апарып бер», «ештеңе болмайды», «бәрі заңды» деген сияқты ұсыныстардың артында заңсыз әрекеттер тұруы мүмкін екені ескертілді.

Полиция қызметкерлері оқушыларға күмәнді тапсырма ұсынылған жағдайда ең алдымен:

* Бұл тапсырманы кім ұсынып отыр?
* Нақты не істеу қажет?
* Неліктен бұл жұмыс үшін оңай әрі көп ақша ұсынылуда?

деген сұрақтарға жауап іздеудің маңыздылығын түсіндірді.

Сонымен қатар оқушыларға «Саған ештеңе болмайды» деген сөзге сенбеу, бір сәттік пайда үшін болашақты тәуекелге салмау қажеттігі айтылды. Заңсыз ұсыныстан бас тарта білу – әлсіздік емес, керісінше, өз өмірі мен болашағына жауапкершілікпен қарайтын адамның дұрыс таңдауы екені жеткізілді.

Полиция өкілдері жасөспірімдерге кез келген күмәнді жағдайды жасырмай, ата-анасына, мұғалімге, психологқа немесе полиция қызметкеріне дер кезінде хабарлауға шақырды.

Құқықтық сауаттылық – қауіптен қорғанудың ең тиімді жолдарының бірі. Ал дұрыс шешім қабылдау – әр адамның өз қолында.

Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан құқықтық және ақпараттық қауіпсіздікке қатысты нақты жауаптар алды.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, есірткі қылмыстары мен интернет алаяқтықтың алдын алуға және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын қалыптастыруға бағытталған.
04 қыркүйек 2026 ж. 57 0