Ақпараттық хабарлама
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыға өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін (сағат 18:30-ға дейін) жалғасып жатқанын хабарлайды.Конкурсқа Қазақстан Республикасында тіркелген, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерін ұсынған және соңғы 3 жыл ішінде сыйлық иегері болмаған ҮЕҰ қатыса алады.
Өтінімдерді қазақ немесе орыс тілдерінде premiya2026@cisc.kz электрондық поштасына немесе Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14-кіреберіс мекенжайына жолдауға болады.
Өтінімді жібергеннен кейін оның қабылданғанын міндетті түрде растауыңызды сұраймыз. Өтінімдерді тапсыру және қосымша ақпарат алу мәселелері бойынша: 8 (7172) 74-07-41, 74-09-97, 74-02-17 телефондарына хабарласуға болады.









