Ел болашағына бейжай қарамайтын спортшылар: «Қайсар» клубының азаматтық таңдауы
Бүгін еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды күндердің бірі. Құрылтай сайлауына қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін танытатын маңызды қадам. Осындай айтулы сәтте «Қайсар» көгалдағы хоккей клубының спортшылары да ел өміріндегі маңызды мәселелерден сырт қалмай, өздерінің азаматтық белсенділіктерін көрсетті.Кәсіби спортпен айналысып, ел намысын халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарда қорғап жүрген спортшылар үшін Отан ұғымының орны ерекше. Олар спорт алаңында жеңіс үшін тер төгіп қана қоймай, қоғам өміріне белсенді араласу арқылы да ел дамуына өз үлестерін қосып келеді. Бүгінгі сайлау күні «Қайсар» клубының спортшыларының өз таңдауын жасауы – осы азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі.










