Қазақстандықтар биылғы Құрбан айтта қалай демалады?
Қазақстандықтар 27 мамыр күні Құрбан айт мерекесін атап өтеді. Сәйкесінше ел тұрғындары мамыр айының соңында тағы қосымша бір күн демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) күнтізбесіне сәйкес, Құрбан айт 2026 жылы 27–29 мамыр аралығында өтеді.
Мерекенің алғашқы күні – 27 мамыр, Қазақстанда ресми демалыс күні саналады. Биыл бұл күн сәрсенбіге түсіп отыр. Сондықтан қазақстандықтар аптаның ортасында қосымша демалады.
Бес күндік жұмыс аптасында кесте мынадай болады:
- 25–26 мамыр – жұмыс күндері
- 27 мамыр – Құрбан айтқа байланысты демалыс
- 28–29 мамыр – жұмыс күндері
- 30–31 мамыр – күнтізбедегі демалыс күндері
Ал алты күндік жұмыс аптасымен істейтіндер үшін де 27 мамыр мерекелік демалыс күні болып саналады.









