Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда несиелер есептен шығарылатыны туралы ақпарат рас па: құзырлы мекеме жауабы

Қазақстанда несиелер есептен шығарылатыны туралы ақпарат рас па: құзырлы мекеме жауабы

Қазақстан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несиелер есептен шығарылатыны туралы желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.Kагенттікке сілтеме жасап.
"Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз, сондай-ақ әр түрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз", - делінген агенттік хабарламасында.

Құзырлы мекеме жалған ақпарат үшін жауапкершілік көзделгенін ескертті.

"Еске саламыз, Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік көзделген.

Қазіргі таңда елде қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасауының бірыңғай тетігі бар. Бұл туралы толығырақ ақпарат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында қолжетімді", - деп қосты агенттік өкілдері.
11 қаңтар 2026 ж. 599 0