Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Теміржол саласындағы цифрлық дәуірге қадам

Теміржол саласындағы цифрлық дәуірге қадам

«Марал-Нұр» ЖШС Қазақстан теміржол саласында жиырма жыл бойы сапалы қызмет етіп келе жатқан жетекші операторлардың бірі.

Компания аймақаралық «Қызылорда – Павлодар» және «Жезқазған – Астана» бағыттарында тұрақты қатынастарды қамтамасыз етеді.

Биыл Қызылорда қаласында заманауи «Цифрлық депо» кешенін іске қосу жоспарда бар. Дәл қазір 90% жұмысы аяқталған.

Бұл жоба - жолаушылар вагондарын жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды бастама.

Кешеннің ерекшелігі - жөндеу процесінің барлығы цифрлық басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл шешім қызмет сапасын арттырумен қатар, уақыт пен шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді.


08 қазан 2025 ж. 221 0