Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 1 қазаннан бастап пойыз билеті қымбаттайды

Елімізде 1 қазаннан бастап пойыз билеті қымбаттайды

Елімізде 1 қазаннан бастап пойызда жол жүру ақысы 20 пайызға қымбаттайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Теміржол билетінің қымбаттауы жолаушы тасымалының 62 бағытына ғана қатысты. Енді стандарт вагондардың билет бағасы 6 мыңнан 7 мыңға дейін өссе, Тальго билеті 10 мың мен 12 мың теңге арасында сатылады. Көлік министрлігі бағаның өсуі вагондар паркін жаңарту мен пойыздағы қызметті жақсарту үшін қажет деп түсіндірді.

Жалпы, елде вагондар паркі 2 600-ден асады. Оның жартысы әбден тозған. Әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушы тасымалдау бағасы соңғы 10 жылда бірінші рет өскелі отыр.

—Бұл өзгеріс Ұлттық тасымалдаушы КТЖ, сонымен қатар жеке тасымалдаушыларға тікелей қатысты. Былтыр 118 вагон алынса, биыл 140 вагон сатып аламыз деген жоспарымыз бар. Бірінші жартыжылдық аясында оның 50 пайызы алынды. Қалғаны осы жылдың аяғына дейін келіп түседі де, рейске шығарылады. Ал келесі жылдан бастап 200 вагоннан қосылып тұрады. Яғни, алдағы уақытта осы вагондардың паркі жаңарған сайын, теміржолдағы бірқатар мәселе шешіледі деп күтілуде, – дейді ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.
08 тамыз 2024 ж. 222 0