Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеке куәлікке өзгеріс енгізілді

Жеке куәлікке өзгеріс енгізілді

15 маусымнан бастап Қазақстан азаматтарының жеке куәлігі жаңа үлгіде беріле бастайды. Жаңа үлгідегі құжатта жеке куәлік иесінің азаматтығы мен жынысы туралы деректер көрсетілетін болады. Бұрын бұл мәліметтер жеке куәлікке салынған чипте орналасқан еді.

Дегемен, жаңа үлгідегі жеке құжатты жаппай ауыстыру міндеттелмейді. Азаматтар жеке куәліктің жарамдылық мерзімі өткеннен кейін жаңа үлгідегі куәлікке ие болмақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық Көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары Сағындық Камитбеков хабаралады.

-ҚР Ішкі істер министрінің осы жылдың 13 маусымда құжат үлгісін бекіту туралы бұйрығына өзгерістер енгізілді. Осыған сәйкес, ҚР азаматының жеке куәлігінің беткі жағында құжат иесінің фотобейнесі, қолы және дербес деректері, тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жынысы және жеке сәйкестендіру номері орналасады, Ал жеке куәліктің артқы бетінде туған жері, ұлты, азаматтығы, берілген күні, қолдану мерзімі және тиісті органның аты көрсетіледі. Жеке куәлікке өзгеріс енгізілгенімен, жаңа үлгідегі құжатты тек жарамдылық мерзімі аяқталған кейін алуға болады. Халықтың жаппай құжаттарын ауыстыруына міндетті емес, - деді Сағындық Убайдуллаұлы.

Брифинг барысында «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ облыстық филиалының директорының орынбасары Айдос Серекеев жеке куәлік алудағы басты талаптарды атап өтті.

-ҚР азаматына жеке куәлікті рәсімдеу 16 жасқа толғаннан кейін беріледі. Статистикалық мәліметке сүйенсек, 2023 жылы 90 806 , ал 2024 жылы жылдың 5 айында 43 412 жеке куәлік ҚР азаматтарына табысталды. 16 жасқа толғаннан кейін жеке куәлік алу үшін заңды өкілі барып, баланың туу туралы куәлігін апаруы қажет. Жеке куәлік 10 жыл мерзімге беріледі, - деді Айдос Алмасұлы.


@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

20 маусым 2024 ж. 202 0