Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елімізде телеарналар мен радио уақытша жұмыс істемейді

Елімізде телеарналар мен радио уақытша жұмыс істемейді

15 мамыр күні Қазақстанда телеарналар мен радиолар уақытша өшіріледі. «Қазтелерадио» АҚ осындай ескерту жасады, деп жазады Egemen.kz.

«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

«Осыған байланысты, биыл 15 мамырда сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген «Қазтелерадио» АҚ хабарламасында.
10 мамыр 2024 ж. 279 0