Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге ескерту жасады

"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге ескерту жасады

"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство өкілдері еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болатынын, әсіресе оңтүстік облыстарда атап айтқанда, Шымкент-Тараз, Тараз-Қордай, Қордай-Қайнар, т.б бағыттарында қалың қар және қар аралас жаңбыр жауатынын ескертті. Мұндай ауа райы ертеңгі (2 ақпан) сағат 06:00-ге дейін сақталады деген болжам бар.

"Осыған орай, сіздерден ауа райы туралы ақпаратқа немқұрайлы қарамауды және сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Қауіпсіздік мақсатында жолда қашықтыққа мән беріп, жол жүру ережесін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз", - дейді ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал туралы барлық ақпарат компанияның ресми сайтында www.qaj.kz ахуалдық орталық бөлімінде және Sapar мобильді қосымшасында қолжетімді. Сонымен қатар, 1403 байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.

Фото: ru.sputnik.kz
01 ақпан 2024 ж. 96 0