Қазақстанға рөлі оң жақтағы көліктерді әкелуге тыйым салынды
Елімізде рөлі оң жақта орналасқан көліктерді бөлшектеп әкелуге тыйым салынады. Өнеркәсіп және құрылыс министрі "Оң рөлді жеңіл автомобильдердің жекелеген түрлерін әкелуді реттейтін кейбір мәселелер туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Индустрия және құрылыс министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығы бойынша, Қазақстанға 6 ай мерзімге рөлі оң жақтағы көліктерді әкелуге тыйым салынған.
Ведомство мәліметінше, бұйрық "Сауда қызметін реттеу туралы" заңның 17 және 18-баптарына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына сәйкес қабылданған.
"Қазақстан Республикасы аумағына рөлі оң жақтағы бөлшектелген жеңіл автокөліктерді алты ай мерзімге әкелуге тыйым салынсын", – делінген құжатта.
Шектеулерге төмендегі талаптар кіреді:
•екі немесе төрт жетекші дөңгелегі бар төрт дөңгелекті жоғары қозғалмалы моторлы көлік құралдары, мотоцикл (седла) типті орындықпен, екі алдыңғы дөңгелек үшін қолмен басқару тетіктерімен жабдықталған;
•қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 1000 см³ астам, бірақ 1500 см³ артық емес;
•қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 1500 см³ астам, бірақ 3000 см³ артық емес;
•қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 3000 см³ астам;
•қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 1500 см³ аспайтын;
•қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 1500 см³ астам, бірақ 2500 см³ артық емес;
•қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 2500 см³ астам;
•Поршенді қозғалтқышымен немесе электр қозғалтқышымен жұмыс істейтін көлік құралдары, электр қуатының сыртқы көзіне қосу арқылы зарядталатындардан басқа.
Бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 2024 жылғы 16 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Фото: ult.kz