1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер қызметкерге өз қаражатынан зейнетақы жарнасын аудара бастайды

Бұл шара әсіресе жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған.
Олардың зейнетақысы аударымына тікелей байланысты болады.
Олардың зейнетақысы үш компоненттен: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы зейнетақы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударым есебінен және шартты-жинақтаушы зейнетақы – жұмыс берушілердің жарнасы есебінен құралады.
ЖМЗЖ енгізу, әсіресе, ынтымақты өтілі жоқ (1998 жылға дейін) немесе ынтымақты жүйедегі өтілі аз азаматтар үшін өзекті.
Осылайша әлемдік тәжірибені ескере отырып, азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің ортақ жауапкершілігі болады.
Салық кодексіне сәйкес салық салынатын табыстан шегерімге жатқызылғандықтан, тиісінше жұмыс берушінің ЖМЗЖ төлеу шығыны елеусіз деңгейде қалатынын атап өту қажет.
Фото: Рүстем Айтхожин/Kazinform