Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақстан халқы желтоқсан айында неше күн демалады?

Қазақстан халқы желтоқсан айында неше күн демалады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  желтоқсан айындағы және жаңа жыл мерекесіндегі демалыс күндерін түсіндіріп берді, деп жазады Egemen.kz.

Желтоқсан айында халқымыз 20 күн жұмыс істеп, 11 күн демалады. Егер мемлекеттік немесе ұлттық мереке демалыс күніне (сенбі, жексенбі) келсе, демалыс күндері бір күнге ұзартылады. Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заңда 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні болып белгіленгендіктен мерекеге орай демалыс беріледі. 

Биыл 16, 17 желтоқсан сенбі, жексенбі күндеріне тұспа-тұс келгендіктен, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 16, 17, 18 желтоқсан күндері, алты күн жұмыс істейтіндер – 16 және 17 желтоқсан күндері демалады.

2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Сондықтан жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар болып белгіленді. Осылайша, 5 күн жұмыс істейтіндер 4 күн қатарынан демалысқа шықса, алты күндік жұмыс аптасындағылар  30 желтоқсанда жұмыс істейді. Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 4 күн қатарынан демалысқа шыға алады. 

Айта кетейік, 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні ретінде тізімде қалғанмен, арнайы демалыс болмайды.
Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді.

фото: egemen.kz
22 қараша 2023 ж. 339 0