Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 12 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Циклон жырасының әсерінен, сондай – ақ онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, республиканың шығысында – қатты жауын-шашын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста-қатты жаңбыр күтіледі. Елдің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында – найзағай күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, шығысында, таулы аудандарында, түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Күндіз Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
12 наурыз 2023 ж. 532 0