Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрлыбек Нәлібаев Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевпен кездесті

Нұрлыбек Нәлібаев Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевпен кездесті

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр еліне жұмыс сапары аясында келген Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевпен кездесіп, бірлескен жұмыстарды талқылады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

Аймақ басшысы өңірдегі мәдениет, спорт саласындағы ауқымды жұмыстарға тоқталып, министрлікпен бірге жүзеге асатын жобалар туралы пікірлесті.

Министр сапары аясында Қызылорда қаласында бірқатар мәдени орындар мен спорттық нысандармен танысты. Сондай-ақ, халықпен кездесіп, өзекті мәселелерге жауап берді. Мұнан кейін Қорқыт ата кешені мен Байқоңыр ғарыш айлағына барады.

21 қыркүйек 2022 ж. 477 0