Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрлыбек Нәлібаев: Ата заңды ардақтау – әрбір азаматтың асыл парызы

Нұрлыбек Нәлібаев: Ата заңды ардақтау – әрбір азаматтың асыл парызы

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сырбойылықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Құрметті жерлестер! Баршаңызды Қазақстан Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Конституция – заң үстемдігінің берік орнап, қоғамның ілгері дамуына қызмет ететін айрықша құжат.

Ата заңды ардақтау – болашаққа батыл қадам басқан егемен еліміздегі әрбір азаматтың асыл парызы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Ата Заң ел бірлігін және адамның ар-ұжданы мен абыройына қол сұғуға болмайтынын негіздеп, кемсітудің кез-келген түріне тыйым салу арқылы ұлтымызды ұйыстырады. Осы басты ұстанымдар баға жетпес байлығымыз – ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді»,- деп бұл күннің айрықша маңызға ие екенін жеткізді.

Биыл Президентіміз ел дамуы үшін мәні зор саяси реформалар жариялап, Жаңа Қазақстан идеясын өмірге әкелді. Оның өзегі – әділдік пен заң үстемдігі. Осы ұстаным аясында 5 маусымда республикалық референдум өткізіліп, Конституцияның 33 бабына 56 өзгерту енгізілді. Ел үшін маңызды күнде жерлестеріміз бірлік танытып, орнықты қадам жасады. Нәтижесінде, облысымыз референдум көрсеткіші бойынша өңірлер арасында алдыңғы үштікке енді.

Қадірлі сырбойылықтар! Мемлекетіміз үшін аса маңызды мерекеде баршаңызға денсаулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! Тәуелсіз еліміз өркендей берсін!
30 тамыз 2022 ж. 302 0