Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды

Мемлекет басшысы еліміздегі ең ірі жоғары оқу орнын Әл-Фараби мұражайын аралап көруден бастады. Президентке ұлы ойшылдың өмірі мен қызметіне арналған экспонаттар, сондай-ақ сирек қолжазба кітаптары таныстырылды, деп хабарлайды Аkorda.kz.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа университеттің ғылыми жетістіктері мен инновациялық әзірлемелерінің көрмесі көрсетілді. Ғалымдар мен студенттер Мемлекет басшысына нейроғылым, денсаулық сақтау, туризм, агрохимия, құрылыс технологиясы, жасанды интеллект және биотехнология салаларындағы өздерінің ғылыми-инновациялық жобаларының мүмкіндіктері туралы айтты.

Сонымен қатар Президентке университеттің инфрақұрылымын кеңейту жоспары жөнінде мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоспарланған құрылыс нысандарының жобасы және жаңғыртылған оқу корпустары, жатақханалар мен қызметтік тұрғын үй таныстырылды.

Университетті аралап көру барысында Мемлекет басшысына ресейлік «МИФИ» ұлттық ядролық зерттеу университетінің презентациясы көрсетілді. «МИФИ» ректоры Владимир Шевченко Президентке жоғары оқу орнының ғылыми жұмыстары мен білім беру ісін таныстырды. Жуырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында ядролық энергетика, фармацевтика, медицина және экономика саласы бойынша мамандар даярлайтын «МИФИ» филиалын ашу жөніндегі келісімге қол қойылды.

Іс-шара соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жас оқытушылармен, ғалымдармен және студенттермен, соның ішінде  шетелдіктермен әңгімелесті.

Студенттер жастарға ерекше көңіл бөлетіні үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, еліміздегі ауқымды реформаларды қолдайтынын жеткізді.
01 маусым 2022 ж. 592 0