Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Байқоңырда Ғарышкерлер күні кеңінен аталып өтілуде

Байқоңырда Ғарышкерлер күні кеңінен аталып өтілуде

"1961 жылдың 12 сәуірінде «Восток-1» кемесімен аспанға көтерілген Кеңес Одағының ғарышкері Юрий Гагарин «Байқоңыр» айлағынан жерді айнала ұшқан болатын. Жылына шамамен 15 шақты зымыран ұшырылатын айлақта эпидахуал тұрақты. Сондықтан мерейтой кеңінен атап өтіліп жатыр" деп хабарлайды 24.kz.
Байқоңырдағы мерекелік шаралар тізбегі 9 сәуірде «СОЮЗ МС-18» басқарылатын зымыранының ұшуымен басталды. Одан кейін жеңіл атлеттер мен велошабандоздар Гагариндік ұшу алаңынан қаланың орталық алаңына дейінгі 34 шақырымдық марафонды бағындырды. Жалпы қаладағы 31 спорт федерациясы да мерейтойға барынша атсалысып жатыр.

Бүгін жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары Юрий Гагариннің 4 метрлік ескерткішіне жиналу үстінде. Өйткені ғарышкерлер күні дәстүр бойынша монументке гүл шоқтарын қоюдан басталады. Мерекелік шеру одан әрі алғаш ұшқан ғарыш кемесін құрастырған Сергей Королевтің ескерткішіне жылжиды. Бүгін жалпы Байқоңырдағы барлық кинотеатр, музей, сурет галереяларында 1955 жылы іргесі қаланған космодромның тарихы кеңінен таныстырылады.

Сондай-ақ оқушылар арасында гагариндік эстафета өтеді. Жалпы кешелі-бүгін өтіп жатқан волейбол, бильярд, жүзу жарыстарының жеңімпаздары кешке орталық алаңда өтетін мерекелік концерт барысында марапатталады. Жергілікті өнерпаздардың ән шашуы фейерверктер шеруіне ұласып, жұлдызды қалашық аспаны отшашумен көмкеріледі.
12 сәуір 2021 ж. 451 0