Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қызылордада қандай станция іске қосылды?

Қызылордада қандай станция іске қосылды?

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде күн және жел электр станциясы іске қосылды, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Салтанатты шарада Басқарма Төрайымы-Ректор Бейбіткүл Каримова мен Әль-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. Темірхан Қойшиев станциясының лентасын қиды.

Университет оқытушылары 2017 жылдан бастап «GeKaVoc-«Қазақстандағы логистика, мехатроника және тұрақты энергиямен жабдықтау үшін кәсіби және техникалық оқыту технологияларын беру» Халықаралық Қазақстан – Герман бірлескен жобасына қатысады.

Жобаны Германияның Федералды Білім және ғылым министрлігі қаржыландырады. Жоба қаражатына университеттің бесінші оқу ғимаратының аумағын электрмен қамтамасыз ететін қуаты 5 кВт гибридті электр станциясы сатып алынды.Осы электр станциясының базасында университеттің «Электр энергетикасы және өміртіршілік қауіпсіздігі» кафедрасында «Жаңартылатын энергия негізіндегі энергия үнемдеу технологиялары» атты ғылыми-зерттеу зертханасын ашу жоспарлануда.

Салтанатты шара «Энергия және ресурс үнемдейтін технологиялар: тәжірибелер мен перспективалар» III халықаралық онлайн–конференциясына ұласты.
18 наурыз 2021 ж. 419 0