Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№60 газет

11 тамыз 2026 ж.

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қасым-Жомарт Тоқаев: МӘМС пен «СК Фармация» басшысы жұмыстан шығарылсын

Қасым-Жомарт Тоқаев: МӘМС пен «СК Фармация» басшысы жұмыстан шығарылсын

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев МӘМС пен «СК Фармация» басшыларын жұмыстан шығаруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Туындаған қиындыққа кінәлілердің бәріне қатысты тергеу жүргізу керек. Жауапкершілікке тартқан дұрыс. МӘМС пен «СК Фармация» басшысы жұмыстан шығарылсын. Керек болса тергеу жүргізген жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы бейне байланыс жүйесі арқылы болып жатыр. Жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп беруде. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады.
10 шілде 2020 ж. 690 0