Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

№ 18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "1411"– әлеуметтік қолдауға қатысты кеңес береді

"1411"– әлеуметтік қолдауға қатысты кеңес береді

Биылдан бастап 24/7 режиміне көшкен «1411» байланыс орталығы арқылы 10 күннің ішінде 26 мыңнан астам отандасымызға еңбекпен қамту және әлеуметтік қолдауға қатысты ақыл-кеңес берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңа жылдың алдында «1411» байланыс орталығында болдым. Ол 1 қаңтарда жұмысын бастады. Байланыс орталығы 10 күн бойы штаттық режімде жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында «1411» байланыс орталығы 26 мыңнан астам адамға еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша консультация берді.

Бүгін аталған орталыққа барып, материалдық-техникалық базаны жабдықтау және операторларды оқыту мен қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылғанына көзім жетті. Қандай да бір сұрақтарыңыз болса «1411» байланыс орталығына қоңырау шалыңыздар, ол тәулік бойы жұмыс істейді», - деп жазды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев өзінің Facebook парақшасында.
11 қаңтар 2020 ж. 617 0