Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

№74 газет

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Абай облысында сақ қолбасшысының қорымы табылды

Абай облысында сақ қолбасшысының қорымы табылды

Абай облысы Аягөз ауданында сақ қолбасшысының қорымы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдағы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің археологтары Аягөз ауданы Бозай ауылы маңында қазба жұмыстарын жүргізіп жатып сақ қолбасшысының қорымын тапты.

Қолбасшы осыдан 700-2600 жыл бұрын өмір сүрген болуы мүмкін. Сақ қорғанының диаметрі шамамен 30 метрді құрайды.

«Қазба жұмыстарын 2021 жылдан бері жүргізіп жатырмыз. Содан бері Бозай қорымынан әртүрлі кезеңге жататын 60-қа жуық ескерткіш анықталды. Аң стиліндегі бұғының, қабыланның бейнесі табылды», - дейд археолог Бауыржан Бесетаев.

Археологтар қазба жұмыстарын ары қарай жалғастыра бермек.
14 тамыз 2022 ж. 526 0