Головкин жаңа бапкерін таңдап, есімін "өзгертіп" жіберген

Журналист Головкин өзінің жаңа бапкерін ресми түрде 4 мамыр күні таңертең таныстырады деп жазды.
Баспаның хабарлауынша, дәл осы күні GGG-дің бұрынғы қарсыластарының жекпе-жегі өтеді.
Сенбі күні Лас-Вегасте Сауль Альварес пен Дэниел Джейкобс рингте кездесетін болады.
Сонымен қатар, Айдек Головкиннің өз есімін жазу форматын да өзгерткенін айта кетті. Енді GGG өз есімін "Gennady" емес, "Gennadiy" деп жазатын болады.
"GGG-дың жаңа бапкері, жаңа тележелісі бар. Ал енді есімін жазудың жаңа тәсілі пайда болды. Головкиннің айтуынша, оның туу туралы куәлігінде есімі „Gennadiy“ деп жазулы тұр", - деп хабарлайды шолушы.