Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№88 газет

18 қараша 2025 ж.

№87 газет

15 қараша 2025 ж.

№ 86 газет

11 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Қазақстандық екі шпагашы әлем кубогі кезеңінде үздік ондыққа енді

Қазақстандық екі шпагашы әлем кубогі кезеңінде үздік ондыққа енді

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының спортшылары Швейцарияның Базель қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыстың ширек финалына дейін Богдан Лукин мен Кирилл Проходов жетті.

Бұл кезеңде Лукин Германиялық Оле Петерсонға есе жіберсе, Проходов ұлыбританиялық Тристан Люминьеден жеңілді.

Нәтижесінде Кирилл Проходов бесінші орынға ие болса, Богдан Лукин жарысты сегізінші орынмен аяқтады. Георгий Тинников 12-орынға тұрақтады, Нұржан Әбжанов - 129-шы, ал Алексей Касаткин - 144-ші орын алды.

Фото: olympic.kz
05 қаңтар 2025 ж. 198 0