Қанат Ислам 23 нокаут көрсеткіші бар аргентиналық қарсыласын жеңіп кетті

38 жастағы қазақ боксшының қарсыласы "Жыртқыш" лақап атты аргентиналық Хавьер Франсиско Масьель (34-18, 23 КО) болды. Плант-Ситидегі бокс кешіне жоспарланған жекпе-жек сегіз раундқа есептлеген еді.
Боксшылар сегіз раунд толық жұдырықтасып, Қанат төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бұл оның карьерасындағы 29-шы жеңісі, ал Масьель 18-рет жеңілді.
Айта кетейік, Қанат Илам карьерасындағы алғашқы жеңілісінен кейін қайтадан жеңіске жетіп отыр. Ақпан айында Қанат британиялық Джимми Келлиге есе жіберген еді.