Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының қола жүлдесіне таласады

Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының қола жүлдесіне таласады

Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық белдесулер басталды. Өкінішке қарай, қазақстандық Нұрислам Санаев жеңіліске ұшырады деп жазады Olympic.kz. 

Санаев финал жолдамасы үшін таласта үндістандық Рави Кумармен белдескен болатын. 

Тартысты кездесуді Нұрислам жақсы бастады. Ол қарсыласын бірнеше рет айналдырып, 9:2 есебімен алға шыққан. Бірақ бұл басымдықты ол соңына дейін сақтай алған жоқ. 

Белдесу кезінде Санаев аяғынан кішігірім жарақат алып, кейін үнділік балуан әдіске көшті. Нәтижесінде, Рави Кумар Нұрисламды таза жеңіп, финалға шықты. 

Енді Нұрислам Санаев Олимпиаданың қола медалі үшін күреседі. 
04 тамыз 2021 ж. 540 0