Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Астана" шабандозы "Мон Ванту челлендж" турнирінде жеңіске жетті

"Астана" шабандозы "Мон Ванту челлендж" турнирінде жеңіске жетті

«Астана Про Тим» командасының мүшесі Александр Власов Францияда өткен біркүндік "Мон Ванту Челлендж" турнирінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды olympic.kz

Ол мәреге 4 шақырым қалғанда шабуылды үдетіп, қарсыластарынан оқ бойы озып, мәреге бірінші болып келді.  «Таулы жерде жеңіске жеткенім үшін қуаныштымын. Бұл керемет сезім! Жарыс басталғаннан бері командам үлкен жұмыс атқарды. Ал финалда 100 пайыз күшімді жұмсадым», - дейді Власов. 

Александр Власов 179 шақырымды 4:56.39 уақыт көрсеткішінде жүріп өткен. Ол австралиялық Ричи Порттан 18 секундқа бұрын келді.   

07 тамыз 2020 ж. 313 0