Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

№74 газет

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Кәсіпқой бокс: Абай Төлеш Сапарбай Айдаровпен жұдырықтасады

Кәсіпқой бокс: Абай Төлеш Сапарбай Айдаровпен жұдырықтасады

18 шілдеде Алматыда MTK Global компаниясының ұйымдастыруымен өтетін кәсіпқой бокс кешінде күш сынасатын тағы бір жұп анықталды, - деп жазады Egemen.kz
Бұған дейін біз Дәурен Елеусінов пен Арман Рысбектің, Талғат Шәйкен мен Берікбай Нұрымбетовтың және Тұрсынбай Құлахмет пен Сағадат Рақыманқұловтың өзара шеберлік байқасатыны жайында жазғанбыз. Бұл қандастарымыздың барлығы да әуесқой рингте елеулі табыстарға қол жеткізіп, өздерінің мықтылығын мойындатқанына ешкімнің күмәні жоқ. Міне, енді олар кәсіпқойлар арасында өздерінің алғашқы қадамдарын жасауда.
Бүгін шаршы алаңға шығатын төртінші жұп анықталды. 14 шілдеде Абай Төлеш пен Сапарбай Айдаров сайысқа түседі. Олар да әуесқойлар арасында республикалық және халықаралық турнирлерде жүлде алған. Қазақстан чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді. Кәсіпқой рингте Абай бес кездесу өткізіп, барлығында үстемдік танытты. Үш бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Сапарбай да жеңілстің кермек дәмін татқан емес. Төрт жекпе-жектің екеуінде ол қарсыласын нокаутқа жіберді.
19 маусым 2020 ж. 906 0